Мектебімізде бітіруші сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) дайындау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағыт аясында 2025 жылғы 16 қыркүйекте республикалық «Зерделі» ақыл-ой дамыту орталығының білікті мамандары мектебіміздің 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Шараның басты мақсаты — оқушыларға емтихан тапсыру кезіндегі стратегиялық амалдарды үйрету және мамандық таңдауда қателеспеудің маңыздылығын түсіндіру. Тест тапсырмаларының ерекшеліктері мен бағалау критерийлері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілді. Оқушыларға бейіндік пәндерді таңдау кезіндегі грант мүмкіндіктері мен нарықтағы сұранысқа ие мамандықтар туралы түсіндірілді.
Шара соңында оқушылар еркін форматта сұрақтарын қойып, мамандардан тұщымды жауаптар алды. «Зерделі» орталығының өкілдері әрбір оқушыға кеңес бере отырып, тест тапсыру кезіндегі стрессті еңсерудің жолдарымен бөлісті. Түлектерімізге сәттілік тілейміз!
