"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Мен ренжідім»: эмоционалдық сауаттылықты дамыту тренингі

Жасөспірім шақта сезімдерді басқару және конфликтілерді дұрыс шешу — тұлғалық дамудың маңызды кезеңі. Осы мақсатта 7-сынып оқушыларымен «Мен ренжідім» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық сауаттылығын арттыру, ішкі ренішті агрессиясыз жеткізуді үйрету және сынып ішіндегі өзара сыйластықты нығайту. Тренинг барысында: «Сезімдер әлемі»: Оқушылар өз бойындағы эмоцияларды тануға және олардың пайда болу себептерін талдауға бағытталған жаттығулар орындады. Қатысушылар бір-бірін тыңдап, өзгенің жағдайына түсіністікпен қарауды үйрететін психологиялық ойындарға белсенді қатысты. Тренинг соңында оқушылар кез келген эмоцияның маңызды екенін, бірақ оны сыйластық аясында білдіру қажеттігін түсінді. Балалар жағымды көңіл-күймен бөлісіп, өзара сенімділік ахуалы қалыптасты. Мектеп психологы: Ж.Қ.Қожахметова.

 

#психологиялық_қызмет

      


Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст