"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Психологиялық тренинг «Барлығы сенің қолыңда!»

Мектеп бітіруші түлектер үшін маңызды кезең — мамандық таңдау және қорытынды емтихандарға дайындық сәті. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, стресске төзімділігін дамыту және ішкі әлеуетін ашу мақсатында 11-сынып оқушыларымен «Барлығы сенің қолыңда!» атты психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, алдағы сынақтарға психологиялық дайындығын нығайту және «әр адам өз тағдырының қожайыны» деген сенімді қалыптастыру. Шара соңында түлектер көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, бір-біріне сәттілік тіледі. Бұл кездесу оқушылардың тек білім ғана емес, сонымен қатар мықты рух пен ішкі тепе-теңдік арқылы биік белестерді бағындыруға болатынына сенімін ұялатты.

 

#психологиялық_қызмет_2026

            ​   


Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст