Текст
Психологиялық апталық аясында 2025 жылғы 16 желтоқсанда 8-сынып оқушыларымен «Мен өзімді мақтай аламын» атты ерекше психологиялық сабақ өткізілді. Негізгі мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, жетістіктерін мақтан тұтуға үйрету және жағымды «Мен» бейнесін қалыптастыру. «Менің жетістіктерім», «Менің мықты тұстарым» сияқты тапсырмалар арқылы балалар өз бойындағы жақсы қасиеттерді танып, оны ашық айтуға дағдыланды. Қатысушылар бір-біріне қолдау көрсетіп, жағымды мотивациялық сөздер алмасу арқылы ұжымдағы сенімділікті нығайтты. Сабақ соңында оқушылар тек өзінің кемшілігімен ғана жұмыс істеу емес, өз жетістіктеріне қуана білу де үлкен өнер екенін түсінді. Мектеп психологы: Ж.Қ.Қожахметова.
#психологиялық_қызмет
