Мектебімізде өтіп жатқан «Позитивке толы бір апталық» аясында жас мамандардың кәсіби бейімделуіне қолдау көрсету және олардың эмоционалдық тұрақтылығын нығайту мақсатында «Менің жолым болғаны» атты мотивациялық тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты: Жас ұстаздардың өзіне деген сенімділігін арттыру, педагогикалық жолдағы алғашқы қадамдарында кездесетін қиындықтарды позитивті бағытқа бұру және ұжым ішіндегі өзара сыйластық пен қолдауды күшейту.
Тренинг барысында: ұстаздар өздерінің мамандық таңдаудағы сәтті сәттерімен бөлісіп, «ұстаз болу – бақыт» екенін терең сезінді. Түрлі психологиялық жаттығулар арқылы ішкі ресурстарды ашу, стресске төзімділік және шығармашылық шабыт алу жолдары қарастырылды. Қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, кәсіби тәжірибе алмасу арқылы ерекше қуат алды.
Тренинг соңында жас мамандар іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы жұмыстарына жаңа серпінмен кірісетіндерін жеткізді.
Мектеп психологтары: А.Ж.Байжанова, Ж.Қ.Қожахметова.
#психологиялық_қызмет
