Текст
Көңілді үзіліс – баланың мектептегі көтеріңкі көңіл-күйі мен сапалы демалысының кепілі! «Позитивке толы бір апталық» аясында бастауыш сынып оқушылары үшін 17.12.2025 ж. күні «Көңілді қоңырау» атты ерекше үзілістер ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: Оқушылардың сабақ арасындағы шаршауын басу, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру және мектеп ортасында жағымды психологиялық климат қалыптастыру. Бұл іс-шарада оқушылардың зейінін шоғырландыруға және көңіл-күйін көтеруге басымдық берілді. Мұндай белсенді үзілістер балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытып, олардың арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түседі. Дефектолог: Л.Нұрлан
#психологиялық_қызмет
