Мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында 2025 жылғы 19 желтоқсанда «Мен ренжідім» тақырыбында тренинг ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – балалардың өз эмоцияларын тани білуіне көмектесу, реніш сезімін дұрыс жеткізуді үйрету және өзара түсіністікті нығайту.
Тренинг барысында: оқушылар ренішті конструктивті түрде білдіруге және бір-бірін мұқият тыңдауға бағытталған психологиялық жаттығулар орындады. Балалар өздерінің шынайы сезімдерін ашық айтып, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ойындарға белсенді қатысты. Еркін пікір алмасу арқылы оқушылар арасындағы сенімділік артып, тренинг өте әсерлі әрі көңілді өтті.
Мұндай шаралар жасөспірімдердің эмоционалдық интеллектін дамытуға және сынып ішіндегі татулықты сақтауға септігін тигізеді.
#психологиялық_қызмет
