"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Құрметті болашақ 1-сынып оқушыларының ата-аналары!

2026-2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау туралы маңызды ақпаратпен таныс болыңыздар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2026 жылғы 30 наурыздағы № 2-20-6/2297-И хатына сәйкес, биыл 1-сыныпқа өтініш беру мерзімдеріне өзгерістер енгізілді. 

 

 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Өтініш беру тәсілі: өтініш «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданады: egov.kz

1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

Құрметті ата-аналар, құжаттарды белгіленген мерзімде тапсыруды сұраймыз!

Портал арқылы өтініш беру үшін қажет құжаттар:

Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші;

Баланың 3х4 см сандық фотосуреті;

№ 052-2/у нысаны бойынша баланың денсаулық паспорты;

(2025 жылдан бастап бұл құжат eGov порталында электронды форматта қолжетімді);

№ 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасы;

ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда).


Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст