"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Оқушы, ата-ана, ұстаз – тиімді қарым-қатынас

Мектебімізде бітіруші 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған «Оқушы, ата-ана, ұстаз – тиімді қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың басты мақсаты – мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайта отырып, түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) психологиялық және дайындық тұрғысынан сәтті өтуіне бірлесе жағдай жасау. Мектеп әкімшілігі ағымдағы жылғы ҰБТ форматы, бейіндік пәндер комбинациясы, шекті баллдар және мектеп қабырғасында жүргізіліп жатқан байқау сынақтарының нәтижелерімен таныстырды. 2-қабаттағы ақпараттық стендтің мүмкіндіктері мен ондағы ақпараттық-әдістемелік көмектер (QR-кодтар, нұсқаулықтар) туралы ақпарат берілді. Мектептің педагог-психологтары ата-аналарға емтихан алдындағы кезеңде баланың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру бойынша маңызды кеңестер берді: балаға сенім білдіру, артық қысым жасамау; үйде қолайлы, позитивті атмосфера қалыптастыру; ұйқы және тамақтану режимін дұрыс ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылып, жадынамалар таратылды.

#ҰБТ_2026

      


Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст