"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол

2026 жылғы 4 ақпанда Ақмола облысының 11-сынып оқушыларына арналған «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты облыстық деңгейдегі Zoom-конференция өтті. Іс-шара басында Ақмола облысы Білім басқармасының басшысы А.Қ.Балташева ашып, түлектерге мамандық таңдаудағы  жауапкершілік пен заманауи білімнің маңыздылығын атап өтті. Конференцияның негізгі бағыттары: оқушыларға болашақ мамандығын өз қалауымен және нарық сұранысына сай таңдаудың тиімді жолдары түсіндірілді. Ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи технологиялар мен осы бағыттағы мамандықтардың жоғары мәртебесі мен келешегі таныстырылды. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің білім беру бағдарламалары, халықаралық байланыстары және студенттерге арналған жеңілдіктер туралы толық мәлімет берілді. Мұндай кездесулер мектеп бітіруші түлектердің кәсіби өзін-өзі анықтауына және дұрыс таңдау жасауына зор септігін тигізеді.

 

#Мамандық_таңдау

#ҰБТ_2026

         


Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст