Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу (ББЖМ) – бұл тек білімді тексеру емес, сонымен бірге баланың төзімділігі мен өз-өзіне сенімділігіне үлкен сын. Осы маңызды кезеңде оқушыларымыздың бойындағы қобалжу мен үрейді азайту мақсатында мектебімізде «Сәттілік серігім!» атты психологиялық іс-шара өтті. Мақсаты: 4-сынып оқушыларының стрессті жеңудің тиімді жолдарын үйрету және олардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру. Жаттығулар барысында балалар жай ғана отырып қоймай, іс жүзінде пайдалы әдістерді меңгерді: «Терең тыныс алу» әдісі: Оқушылар бойды билеген үрейді ауамен бірге сыртқа шығаруды үйренді. Бұл миға оттегі барып, ойдың жинақталуына көмектеседі. «Менің қолымнан келеді!» мотивациясы: оқушылар өздерінің мықты тұстарын атап, позитивті аффирмациялар арқылы сенімділіктерін арттырды.
#психологиялық_қызмет_2026
