20.02.2026
«Үздік психолог кабинеті»
2026 жылдың 20 ақпан күні Ақмола облысы білім беру ұйымдарының арасында «Үздік психолог кабинеті» облыстық сырттай конкурсының сараптама комиссиясының отырысы өтті. Оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруда психолог кабинетінің рөлін күшейту, психолог кабинеттерінің жабдықтарын анықтау, практикалық психологияның беделін арттыру, озық тәжірибені тарату мақсатында ұйымдастырылып нәтижелері анықталды. Облыстық конкурсқа үш санат бойынша 34 білім беру ұйымдары қатысты.
Жалпы орта білім беру ұйымдарының үздік психолог кабинеті» санатында:
ІІ орын: «Қосшы қаласының №4 ЖОББМ» КММ, Байжанова Алмагүл Жеңісқызы, Қожахметова Жадыра Қуанышқызы.
Бұл жеңіс - мектебіміздегі психологиялық қызметтің жүйелі жұмысы мен заманауи талаптарға сай жабдықталуының нәтижесі. Алдағы уақытта оқушыларымыз бен ұстаздарымызға сапалы психологиялық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды әрі қарай жетілдіре береміз. Әріптестерімізді ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!





