"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Құттықтаймыз!

31.01.2026

Бурабай ауданы, Щучинск қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2026 жылғы 28–31 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2–7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ХХІ республикалық зерттеу жобалары байқауының қорытынды кезеңі өз мәресіне жетті. Ақмола облысының намысын 11 жобамен 13 оқушы қорғады. Нәтижесінде 10 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ дәрежелі диплом – 3 оқушы; ІІІ дәрежелі диплом – 7 оқушы. Осы жетістіктер қатарында мектебіміздің оқушысы, Серік Айжұлдыз – Қосшы қ. №4 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы бойынша жүлдегер атанды. Жетекшісі: биология пәні мұғалімі Ховдашхан Шынар. Айжұлдызды және жетекшілерін үлкен жетістікпен құттықтаймыз!

 

      

Просмотров: 33


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст