Текст
19.02.2026
Мектебіміздің география пәні мұғалімі Ербол Досжан «ЖАҢА МЕКТЕПКЕ – ЖАҢАШЫЛ ҰСТАЗ» атты жас педагогтердің VIII Республикалық байқауының қалалық кезеңінде үздік өнер көрсетіп, І орын иеленді.
Өз ісіне адал, шығармашыл әріптесіміз осы жеңісі арқылы байқаудың облыстық кезеңіне жолдама алды. Ербол Досжанды айтулы жетістігімен құттықтай отырып, алдағы облыстық байқауда мектебіміздің намысын абыроймен қорғауына тілектеспіз! Жас ұстазға сәттілік пен жаңа белестер тілейміз!
