Текст
04.02.2026
Ақмола облысының 11-сынып оқушыларына арналған Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің ұйымдастыруымен «Мамандықты дұрыс таңдау – болашаққа бастар жол» атты Zoom-конференция өтті. Кездесудің басты мақсаты: Түлектерге мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру; Ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи мамандықтардың беделін арттыру; Университеттің білім беру бағдарламалары мен мүмкіндіктерін таныстыру.
Онлайн кездесуге мектебіміздің 11-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері қатысты. Конференция барысында оқушылар аграрлық саланың бүгінгі әлеуеті мен болашағы туралы құнды ақпарат алып, өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алды. Болашақ мамандығын саналы түрде таңдаған түлек – ертеңгі күннің білікті маманы!
