Текст
24.04.2026
Мектебіміздің 9–11 сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Парламентіне танымдық экскурсия жасады. Шараның басты мақсаты — оқушылардың мемлекеттік басқару жүйесі туралы білімін тереңдету, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және кәсіби бағдар беру. Экскурсия барысында оқушылар заң шығарушы органның жұмыс барысымен танысып, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігін сезінді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Григорьевна Дементьеваға ерекше алғысымызды білдіреміз. Мұндай кездесулер оқушылардың саяси сауаттылығын арттырып, болашақ мамандығын таңдауда дұрыс бағыт-бағдар алуына жол ашады.
#кәсіптік_бағдар
