"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әуежай тынысы: Болашаққа бағдар

29.04.2026

Мектебіміздің 7-8 сынып оқушылары "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына" танымдық экскурсия жасап, авиация әлемінің тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып келді. Экскурсия барысында оқушылар әуежайдың күнделікті жұмыс барысын өз көздерімен көріп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды ережелері мен жолаушыларға қызмет көрсетудің қыр-сырын меңгерді. Түрлі авиация мамандарының атқаратын қызметі туралы мазмұнды ақпарат алған жеткіншектер әуежайдың өрт сөндіру бөліміне  барып, ондағы мамандардың жедел әрі жауапты жұмысын тамашалап, заманауи өрт сөндіру техникаларының мүмкіндіктерімен танысты. Көкке самғаған ұшақтар мен жердегі қызу жұмыстың үйлесімін көрген оқушылар ерекше әсер алып, өздерінің алған білімдерін болашақта ел игілігіне жұмсауға шабыттанды.

 

#кәсіптік_бағдар

      

Просмотров: 15


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст