Текст
08.12.2025
Бүгін біздің білім ордамызда ұлы ойшыл, хакім Абай Құнанбаевтың бай мұрасын дәріптеуге арналған «Абай мұрасы – ұлт руханиятының темірқазығы» атты қалалық конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Конференцияның ең салтанатты сәті — заманауи үлгіде жабдықталған, жоғары деңгейдегі Абай кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі болды. Бұл кабинет тек оқу бөлмесі ғана емес, оқушылар мен ұстаздар үшін Абайдың терең пәлсапасын зерделейтін, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіретін нағыз рухани орталыққа айналмақ. Салтанатты шараға қатысушылар кабинеттің безендірілуі мен мазмұндық қорына жоғары баға берді.
Іс-шараға қаламыздың мектептерінен арнайы шақырылған абайтанушы ғалымдар, тәжірибелі педагогтар мен шығармашыл жастар қатысты.
