Текст
08.01.2026
Мектебімізде үш күнге созылған, жаңашылдық пен шығармашылыққа толы «Идея. Бірлік. Әрекет» тақырыбындағы мектепішілік «Педагогикалық хакатон-2025» байқауы өткізілді.
Шараның басты мақсаты мен нәтижелері: педагогтер заманауи білім берудегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тың идеялар ұсынды. Топтар тиімді оқыту әдістері, цифрлық ресурстарды қолдану және оқушылардың ынтасын арттыру бағытында өз жобаларын сәтті қорғап шықты. Хакатон мұғалімдердің командалық жұмысы мен креативті ойлауына жаңа серпін берді. Белсенділік танытып, білім беру саласына жаңашылдық енгізуге атсалысқан барлық әріптестерімізге алғыс білдіреміз!
