06.05.2026
Ақмола облысында өткен "Jas Skills 2026" аймақтық чемпионатында мектебіміздің дарынды оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар мен арнайы марапаттарға ие болды. Кәсіби шеберлікке баулитын бұл байқауда шәкірттеріміз өз бағыттары бойынша дайындықтарын дәлелдеді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерімізді мақтан тұтамыз:
III орын: Сейфолла Инабат (9-сынып) — "Киім тігу технологиясы" құзыреттілігі бойынша ІІІ орын иегері атанды, жетекшісі: Б.Кузембаева.
10 000 теңгелік сертификат иегерлері: Батырбай Гауһар (9-сынып) — "Өсімдіктер биотехнологиясы" құзыреттілігі, жетекшісі: Ш.Ховдашхан.
Қали Темірлан (10-сынып) — "Қоршаған ортаны қорғау" құзыреттілігі, жетекшісі: Е.Досжан.
Ынталандыру сыйлығы: Еркынұлы Бөкейхан (8-сынып) — "Ағаш кесу" құзыреттілігі; Рыспай Марлен (8-сынып) — "Графикалық дизайн" құзыреттілігі, жетекшісі: М.Е.Аппазов
Шәкірттерді байқауға қосып, кәсіби бағдар берген ұстаздарымызға алғыс айтамыз! Жас шеберлеріміздің қадамы құтты, жеңісті күндері көп болсын! Құттықтаймыз!
