"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ ҚОСШЫ ҚАЛАСЫНЫҢ №4 ЖОББМ" КОМУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КГУ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА № 4 ГОРОДА КОСШЫ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ГОРОДУ КОСШЫ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

«Maman Fest» байқауы

17.04.2026

2026 жылғы 17 сәуір күні мектебімізде 8-9 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру мақсатында «Maman Fest» мектепішілік ұйымдастырылды. Байқау барысында 8-9 сынып оқушылары түрлі мамандық иелерінің (ІТ-мамандар, инженерлер, дәрігерлер, ұстаздар, шығармашылық сала өкілдері) рөліне еніп, өздері дайындаған шығармашылық жобаларын, бейнероликтерін және таныстырылымдарын қорғады. Әр сынып таңдаған кәсіптерінің маңыздылығы мен артықшылықтарын ерекше шығармашылықпен жеткізе білді. «Maman Fest» фестивалі оқушыларға тек кәсіптер туралы ақпарат беріп, олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттыруға және болашаққа мақсат қоя білуіне үлкен серпін берді. Белсенділік танытып, үздік өнер көрсеткен сыныптар мен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Баланың болашағы – дұрыс таңдалған мамандықтан басталады!


#кәсіптік_бағдар

   

Просмотров: 23


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Біздің әлеуметтік желілер

    

Ұйымдар тізімі
Текст